"Жезқазған – Петропавл" тасжолында көлік аударылып қалды

Бүгін «Жезқазған – Петропавл» тасжолында 21 жасар жүргізуші рөлге ие бола алмай аударылып қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Бескөл ауылының маңында тіркелген. «Лада Гранта» автокөлігін тізгіндеген 21 жасар жүргізуші рөлге ие бола алмай аударылып қалған. Салдарынан жігіт медициналық мекемеге жүгінген.

«Бұл факт СҚО ПД Қызылжар ауданы туралы ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды», – деді облыс ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін біз СҚО-да бензоводың жол жиегіне түсіп кеткендігі туралы жазғанбыз. Бір тәулік бойы тұрған жүк көлігін арнайы техника бүгін ғана шығарған.

Тағы оқыңыз:Петропавлда еркін күрестен облыстық чемпионат өтіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x