СҚО-да жол жиегіне түсіп кеткен бензоводы бір тәуліктен бері шығара алмай жатыр

Солтүстік Қазақстанда тіркемесі бар бензовоз жол жиегіне шығып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 30-шы қаңтар күні Айыртау ауданында болған. Саумалкөл ауылынан Новоишимкаға қарай жолға шыққан MAN жүк көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен, Абырой болғанда өзі дін аман. Бензовоздағы  дизельдік отын да төгілген жоқ.

«Оқиға болған жерге бірден Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазір екі кран мен тиегіш жүк көлігін шығаруға тырысып жатыр», – делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көмір қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x