Жерлесіміз Ризабек Айтмұхан «Дарын» сыйлығын алды

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімін жариялады. Олардың қатарында жерлесіміз Ризабек Айтмұхан да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Спорт» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығы екі адамға берілген. Олардың бірі джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері -Жібек Құлымбетова. Ал екіншісі, қазақтан шыққан еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. Жерлесіміз биыл Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен топ жарған. Ол ақтық сында Әзербайжан балуаны Осман Нурмагомедовтен басым түскен болатын.

Жалпы, «Дарын» сыйлығы жастарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін беріледі. Сыйлықтың мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: Жаңа жылға қалай дайындалу керек

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x