Жаңа жылға қалай дайындалу керек

Өмірін өзгерткісі келетін жандар жаңа күнді, жаңа аптаны, жаңа айды, тіпті жаңа жылдың келуін асыға күтетіні жасырын емес. Ал жаңа жылдың келуіне санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан Qazaqstan Media редакциясы осы уақыт аралығында аяқталмаған барлық шаруаны тындырып, 2024 жылға жоспар құруға кеңес береді.

Жаңа жыл – әр адам өзіне есеп беріп, жаңа қадамдарға жоспар құратын уақыт. 2024 жыл сәтті басталуы үшін аяқсыз қалған істерді жүзеге асырып, сізге кедергі келтіретін нәрселерден бас тарту маңызды. Осы тізімді орындауды қазірден бастаңыз, өйткені мерекеге санаулы күндер қалды!

Қарызыңыздан құтылыңыз

Жылды «Қарызымды қашан қайтарасың», – деген сұрақпен бастауға болмайды. Мүмкін болса, желтоқсанның соңына дейін қарыздарыңыздың бәрін қайтарыңыз. Жаңа жылда қарыз алмаудың амалын жасаңыз.

Бір жылға жоспар құрыңыз

Күнделікке бір жылдық арман-мақсаттарыңызды жазып, жоспар құрыңыз. Жүйелі жоспар мен стратегия сізді көптеген жетістікке жеткізеді. Жеке өміріңіз, денсаулығыңыз, жұмыстағы жоспарларды саралап, әр қадамыңызды жазған дұрыс. Психологиялық тұрғыдан да өзіңізге есеп беріп, ренжіткен әрбір адамнан кешірім сұрап, өзіңізді кешіріңіз.

Демалысыңызды жоспарлаңыз

Жаңа жылдық демалыс кезінде Түркия, Дубай, Египетке аз уақытқа барып қайтуға болады. Сондай-ақ еліміздің табиғаты әсем аймақтары Бурабай, Қатон-Қарағай және Алматыға саяхаттап, демалысыңызды өткізіңіз. Тек ол үшін билеттерді алдын ала сатып алуды ұмытпаңыз. Біріншіден, жаңа жылдық мерекелер кезінде билеттер мен қонақ үйлердің бағасы бірнеше есе артады. Екіншіден, мерекелік қарбаласта кеш қалмаудың амалын іздеген жөн.

Сыйлықтар сатып алыңыз

Мереке қарсаңында жақындарыңызды сыйлықпен қуантыңыз. Отбасыңыз бен достарыңызға жаңа жылдық жеңілдіктерді пайдаланып, ерекше сый жасауға болады.

Гардеробыңызды жаңартыңыз

Жаңа жылды жаңа киіммен қарсы алған дұрыс. Сонда жыл табысты болады. Өзіңізге жаңа костюм, аяқ киім немесе аксессуар сатып алыңыз – мерекелік көңіл-күйге кепілдік беріледі.

Тазалық

Үйдегі артық заттардан арылып, жаңа дүниеге орын босатыңыз. Пәтердің әр бұрышына дейін тазалық орнатып, әрбір заттың өз орнында тұрғанын қадағалаңыз. Сондай-ақ жұмыс үстеліңізді де реттеген артық етпейді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда құрылысы ұзаққа созылған емхана қолданысқа берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x