Жеке куәліктерге саусақ іздері қойылады

Келешекте Қазақстан азаматтарының жеке куәліктеріне саусақ іздері қойылмақ. Бұл жайында құжат НҚА эталондық бақылау банкінің сайтына шығарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құжатта Қазақстан азаматының паспортына, жеке куәлігіне, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхатына, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне және жол жүру құжатына байланысты рәсімдік ережелер (беру, ауыстыру және т.б.) қамтылған. Аталған қағаздарда қазақстандықтың

толық аты-жөні;

туған күні мен жері;

жынысы;

ұлттық тиесілігі – иесінің қалауы бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттарда; азаматтығы; фотосуреті;

құжатты берген органның атауы; құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі; құжаттар иесінің қолы; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 16 жасқа толған және одан да жоғары, сондай-ақ «Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгі құжат иесінің саусақ іздері болады.

Сондай-ақ құжатта жеке басын куәландыратын құжатты беру кезінде саусақ ізін алу процедурасы да қарастырылғаны айтылған. Ол «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы немесе уәкілетті орган қызметкерінің бланк нысанында жүзеге асырылады. Өзгеріс келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылмақ.

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері облыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x