СҚО-да 527 мас жүргізуші анықталды

Жыл басынан бері облыс аумағында 127 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан, 17 адам көз жұмып, 179 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алкогольдік ішімдікке тойып алып, көлік тізгініне отыратын солтүстікқазақстандықтардың қатары азаймай тұр. Мұндай жандар өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіретінін ұмытып жатады. СҚО ПД мәліметінше, облыс жолдарында мас жүргізушілер күн сайын анықталады. Солардың кесірінен биыл 11 жол-көлік апаты тіркелді. 15 тұрғын түрлі дене жарақатын алып, 4 кісі өмірден өтті.

«6 ай ішінде полицейлер алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін 527 жүргізушіні ұстады. Өткен үш тәуліктің ішінде ғана рейдтік іс-шаралар барысында 7 мас жүргізуші анықталды. Полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу бойынша жұмыстарды мықтап қолға алды», – деп таратты СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жеке куәліктерге саусақ іздері қойылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x