Алдағы күндері облыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

Алдағы күндері аққайыңдар өлкесінде сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Қазгидромет өкілдері шілденің 11-і мен 13-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шілденің шіліңгір ыстығы алдағы күндері білінбек. Синоптиктердің дерегінше, еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды.

«Қaзақстaнның сoлтүстігiнде, opталығында, 11-12 шілдeде солтүстiк-батыста, 12-13 шілдеде oңтүстікте, 13 шілдeдe Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43 градусқa дейін қaтты ыстық күтілeді», – деп жариялады Қазгидромет өкілдері.

Сонымен қатар, алдағы күндері Қазақстанның батысында, орталығында және солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, екпінді жел соғады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Астана күні СҚО-да 7 сәби дүниеге келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x