Петропавлдағы Жеңіс саябағында тазалық шарасы өтті. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін өңірдің белсенді жастары Петропавлдағы Жеңіс саябағын тазалады. Қолдарына тырнауыш, күрес ұстаған жандар аумақты күл-қоқыстан тазартты. Басты мақсат — қаланы барынша тазалау, абаттандыру, табиғатымызды аялау.

Бүгінгі шараның ауқымы кең. Бір уақытта бүкіл өңір бойынша 400-ден астам адам тазалық акциясына қатысуда. Шарада аумақ таһаланып қана қойғае жоқ. Жастарға экологиялық мәдениет жайлы мол ақпар берілді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында СҚО-да биыл 250-ден астам іс-шара өткізді. Іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, аулаларды тазалау, ағаштарды, бұталарды отырғызу жұмыстары жүргізіледі», — СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Айнұр Сәрсенбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай іс-шаралар тек сенбіліктермен ғана шектелмейді. Қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында түрлі диалог алаңдары, квесттер мен зияткерлік ойындар өткізіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО жастары мобильді және компьютерлік ойындарды әзірлеуді үйренді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *