Петропавлдағы «Qyzyljar» креатив орталығында мобильді және компьютерлік ойындарды әзірлеу бойынша оқыту шарасы басталды. Астанадан келген білікті мамандар теріскейлік жастармен білімдерімен бөліседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бар білгендерімен бөлісу үшін облысқа Астана Hub өкілдері келді. Білікті мамандар солтүстікқазақстандық жастарға жиды. Шарада оларға мобильді және компьютерлік ойындарды әзірлеуді үйретті.

«Бұл – нарықта кең етек жайып келе жатқан бағыт. Қазір мобильді және компьютерлік ойындар музыка мен кинодан да көп табыс әкеледі, сұраныс аса жоғары. Бұған көз жеткіздік. Өкінішке қарай, Қазақстанда өндіруші компаниялар саны өте аз. Бізге өсу керек. Сол үшін өңірлерді аралауды бастадық. Тегін ауат ашу шараларын өткіземіз. Егер көзінде оты бар балаларды байқасақ, әрмен қарай бірлесе жұмыс істейміз, тәжірибеден өтуге шақырамыз», — деді GameDev Center Astana hub жетекшісі Элина Ким.

Сапалы, сұранысқа иелік ететін мобильді және компьютерлік ойындар бір күнде пайда болмайды. Дайындаудың өзіндік тәртібі бар. Солар қатысушыларға бастан-аяқ айтылады, оқыту курсы соңында жалынды жастарға сертификат беріледі.

GameDev Center Astana hub өкілдері өзге өңірлерден де шақырту күтеді. Егер ұсыныс болса мамандар Қазақстанның облыстарын аралап, осы сынды оқыту шарасын ұйымдастырмақ ниетте.

Тағы оқыңыз: «Soltustik Qazaqstan»газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Өмір Есқали Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *