Жұмысшы кентіндегі көпір қайтадан жөндеуге жабылады

Петропавл мен Жұмысшы кентін байланыстыратын  көпір қайта жабылады. Ал мұндағы жөндеуден кейін пайда болған жарықтарды арнайы комиссия тексермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Бір емес, бірнеше жөндеу көрген көпірдің жыры еш бітер емес. 2022-шы жылы бұл объектіде «Магистраль СК» серіктестігі жұмыс істеді. Жөндеуге деп 21 млн теңге бөлінген еді. Былтыр ғана орташа жөндеуден өткен көпірдің қазір темір бөліктері қосылған жерлерінде жарықтар пайда болып, асфальты бұзылған. Салдарынан көліктердің жүруі қиындады. Көпірдің неден шыдас бермей жатқандығын анықтау үшін енді арнайы тексеріс жүргізілетін болады.

«Өткен жылы көпірдің бір-біріне жалғанған жері ауыстырылды. Жаңа асфальт салынды. Қалалық ТҮКШ бөлімі көпірде техникалық тексеріс жүргізетін мердігерді анықтау үшін конкурс жариялайды. Компания не себепті мұндай жағдай орын алғандығын анықтайды. Одан кейін өткелді жөндеу шаралары бойынша шешім қабылданады. Ал пайда болған жарықтар мен бұзылған асфальтті 2 жылдық кепіл негізінде «Магистраль СК» серіктестігі қалыпқа келтіреді», – деді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Жанель Батанова.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы 11 ЖЭО жағдайы мәз емес

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x