Қазақстандағы 11 ЖЭО жағдайы мәз емес

Республиканың бірқатар жылу электр орталықтарының (ЖЭО) қызметін тексеру нәтижелері ҚР экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесі айтылды. Жағдай мәз емес. 11 жеке ЖЭО-да жылу энергетикасы және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуы тексерілген. Нәтижесінде кейбір нысандарда жүйелік кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды. Станциялардың кейбірінде жабдықтар тым тозған. Бұл жылыту маусымы кезінде апаттарға әкелуі мүмкін. Жиында уәкілетті органдарға станцияларды күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін меншік иелерімен жұмыс жүргізу тапсырылды.

«Премьер-министр 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеуді және олардың орындалуына мониторинг жүргізуді талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде шаралар қабылданатын болады»- деп хабарйды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны азайған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x