Петропавлда некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны азайған

Жыл басынан Петропавлда 1272 неке тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 %- ке аз. Отау құрғандармен қоса биыл ажырасқан жанұялар саны да азайған. Былтыр осы уақыт аралығында 572, ал 2023 жылы 430 отбасы айырылысып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ережеге сәйкес, ажырасу үшін шамамен 8 мың теңге төлеу керек. Ал неке қиюды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж 3864 теңгені құрайды. Жалпы, жыл басынан Петропавлда 1272 неке тіркелген. Ал 430 жұп ажырасқан екен. Бұл екі жақтың келісімімен бұзылған некелер. Екі жақты тараптар мүлікке қатысты талаптары немесе кәмелетке толмаған балалары болса, енді мәселені сотқа жүгіну арқылы шешуге міндетті. 1 қыркүйектен бастап мұндай отбасылардың ажырасу мәселесін ювеналды сот қарайтын болады.

«Үйленетіндердің жасына байланысты  тенденция еш өзгеріссіз қалды. Негізінен  көбіне 30 жасқа дейінгі жастар үйленіп жатады. Егер адамдар 30-дан кейін үйленетін болса, бұл негізінен екінші неке болып саналады. Некені тіркеу электрондық форматта мемлекеттік сайт арқылы, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы немесе АХАЖ органы арқылы жүзеге асады», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының pr-менеджері Анар Құсанова.

Тағы оқыңыз: Жаңа баспана бағасы 4,4 % қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x