С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Ұлы Отан соғысының қатысушысы Петр Уақпаевтың 100 жылдығына арналған «Жанам деген жүректерге от берген» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петр Уақпаев Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқарамасын 18 жыл  басқарған. Осы уақыт аралығында көптеген мәдени нысандар бой көтеріп, халық игілігі үшін қолданысқа берлген. Петр Наянович жастарды өнерге баулып, Петропавлда көркемсурет шеберханасы, кітапханалар мен көрме залдарын ашуға септескен. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында КСРО-ның мәдениет үздігі  Петр Уақпаевқа арналған мемориалды тақта да орнатылған.

«Әкем ең алдымен жастар білімді болуы керек деген ұстаныммен жүрді. Елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында деп айтып отыратын. Адамдар әкемізге істеген істері үшін алғыс айтып, мақтаса ұялып қалатын. Өте ұлтжанды, өз өлкесін ерекше жақсы көретін кісі еді», дейді П.Уақпаетың үлкен қызы Галина Ермұхамбетова.

Петр Уақпаев Ұлы отан соғысына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін бірнеше орден және медальдармен марапатталған. Қоғам қайраткері Петр Уақпаевты еске алу кешіне оның бірге қызметтес болған достары да келіп, өз естеліктерімен бөлісті.

«Петр Наянович әрқашан есімізде  қалатын тұлға. Ол мәдениет саласының дамуына үлкен үлес қосты. Өз жұмысына өте адал кісі еді. Мен Петр Уақпаевтың қол астында 4 жыл жұмыс істедім. Өте көп тәжірибе жинадым», дейді Н.Погодин атындағы орыс драма театрының музей меңгерушісі Людмила Лошакова.

Айта кетейік, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері,Ұлы отан соғысының қатысушысы көзі тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x