Еуропа елдерінде біліктілігін арттырған визажист енді өңірдің қыз-келіншектерін оқытпақ

Петропавлда «Визаж» бағыты бойынша қыз-келіншектерге арналған тегін бейіндік оқыту басталды. Оны облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағыттарының бірі. Оның аясында Петропавлда әйелдерге арналған тегін бейіндік курстар өткізіліп жатыр.

«11 қыркүйекте біз «макияж жасау» оқу курсын бастадық. Оған жаңа білім алғысы келетін 20 әйел жазылды. Оқу 5 күнге созылады. Аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар өз бизнестерін ашуға немесе осы мамандық бойынша жұмыс табуға көмектесетін тиісті сертификаттар алады, яғни олар визажист қызметтерін көрсетуден ақша таба алады», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Әсел Самаратова.

Болашақ әріптестерін тәжірибелі мамандар, тұрақты макияж орталығының макияж суретшісі Любовь Лапина мен Олеся Плессер үйретеді. Олеся 2014 жылдан бастап Ресей мен Еуропа қалаларында, соның ішінде Париж бен Римде 60-тан астам біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

«Кеше бізде теория болды, бүгін – практикалық сабақтардың бірінші күні. Біз макияждың 4 түрін жасаймыз: кешкі, смоки, фотосуреттер үшін түрлі-түсті және Голливуд макияжы. Қыздар күніне 5 сағаттан екі топта оқиды. Негізінде, бұл уақыт бір апта ішінде макияж суретшісі мамандығын игеруге жеткілікті. Барлық оқушылар өте ынталы, сұрақтар қояды, процеске белсенді қатысады. Курсты аяқтағаннан кейін емтихан тапсыру керек – бұл теориялық тест және практикалық тапсырма», – дейді Олеся Плессер.

Медицина және косметологияда тәжірибесі бар Ирина Зайнутдинова жаңа нәрсені үйрену үшін осында келген. Ол сұранысқа ие мамандықты игеру мүмкіндігін пайдаланып қалуды көздейді.

«Менің косметология саласында үш жылдық тәжірбием бар. Сұлулық жасаудан жалықпаймын. Сондықтан жаңа мамандықты игеру мен үшін маңызды әрі қызық болып отыр. Оның үстіне кәсіпкерлер палатасы ұйыстастырып отырған курстар тегін өткізілуде. Сол себепті қосымша табыс табудың осындай керемет мүмкіндігін жіберіп алмау керек деп шештім», – дейді Ирина Зайнутдинова.

Бұған дейін «Мен кәсіпкер» жобасы аясында әйелдерге арналған тегін бейіндік курстар «тігінші», «SMM» және «маркетплейс менеджері» сияқты бағыттар бойынша өткен болатын. Аладағы уақытта кондитерлікті меңгергісі келетін жандарға курс ашылмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында жаңа жобаларға қатысуға өтінім беруге немесе әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмысының басқа бағыттары бойынша кеңесті Петропавл қ., к Сутюшев к-сі, 60 «А» БО «Квартал», 4 қабат немесе 50-28-74, колл-орталық – 1432 телефондары бойынша алуға болады.

Тағы оқыңыз: П.Уақпаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x