9 мамырда Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов Кішкенекөл ауылының тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының батырлары мен ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштерге гүлшоқтары қойылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

1941 жылдың жазында басталып, 1418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Уәлиханов ауданынан төрт мыңнан астам азамат аттанған екен. Солардың 1500-нан астамы фашист қолынан қаза тауып, жат жерді жастанған. Ал елге оралған майдангерлер туған жерінің дамуы үшін одан әрі тер төкті. Жеңіс күнінде Уәлиханов ауданының басшысы тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, жеңіске қосқан баға жетпес үлестері және соғыстан кейінгі Отанға қызмет етудегі еңбектері үшін алғысын білдірді. Оларға зорденсаулық, ашық аспан және ұзақ өмір тіледі.

Сондай-ақ бұл күні Ұлы Отан соғысы батырлары мен ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Шараға аудан әкімі, күш құрылымдарының қызметкерлері, мекеме басшылары, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x