Елімізде batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты. Сайт Ұлы Отан соғысының ардагерлерін табуға және олардың жасаған ерліктері туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай портал барлық жауынгерлер туралы деректерді біріктіреді.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осыған орай, аталған жоба іске қосылып отыр. Оның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету», – деп көрсетілген мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

batyrlargatagzym.kz порталы әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді.

«Біз әрбір қазақстандықты ҰОС ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін. Бұл портал – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x