СҚО-да орман өртін сөндіретін бекеттер талаптарға сай келмейді

СҚО-да орман шаруашылығы кәсіпорындарында 38 орман өрт сөндіру бекеті болуы керек. Алайда қазіргі уақытта тек 14-і ғана жұмыс істейді. Оның өзі талаптарға сай келмейді, әбден ескірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2024 жылдың наурыз айында арнайы құрылған комиссия СҚО-дағы  орман шаруашылығының өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын тексерді. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Олардың дайындығы 10 баллдық жүйемен есептегенде 7 баллды құраған. Себебі, өңірде өрт сөндіру бекеттері жеткіліксіз. Және қызыл жалынды сөндіруге қажетті автокөліктердің де саны аз екен. Сондай-ақ, облысқа 15 өрт бақылау мұнарасын салу қажет. Айта кетейік, облыста 12 орман шаруашылығы бар.

«Облыстық әкімдік қолдауының арқасында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы 87 пайызды құрап отыр. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады. Дегенмен, бізге жүктелген міндеттерді орындауға кедергі келтіретін бірнеше мәселе бар. Атап айтар болсам, орман шаруашылықтарында кадр тапшылығы бар. Осыған байланысты маусымдық жұмысшыларды қабылдауға тура келеді. Екінші мәселе, облыста заманауи өрт сөндіру бекеттерін салу керек. Оны арнайы техникамен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Тағы оқыңыз:Уәлиханов ауданынан төрт мыңнан астам азамат сұрапыл соғысқа қатысқан

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x