Тамыздың 25-і күні ересектер арасында жеңіл атлетикадан III ашық Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада жерлесіміз Никита Изотов күміс еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сайыс Ташкент қаласында өтті. Халықаралық додада жергілікті жеңіл атлет Никита Изотов 800 метр қашықтықта бақ сынады. Ол аталған дистанцияны 1 минут 52 секундта бағындырып, күміске ие болды.
Сайысқа Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тайланд, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан және Үндістан сияқты тоғыз елдің спортшылары қатысты. Жарыс барысында спортшылар спринт, ұзақ және орта қашықтыққа жүгіру, кедергілер арқылы өту, стипль-чез, сондай-ақ ядро, диск, балға және найза лақтыру сынды дисциплиналар бойынша бақ сынады.
«Чемпионат қорытындысы бойынша ел құрамасы 10 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды», — деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Тағы оқыңыз: СҚО агроқұрылымдарына асыл тұқымды ірі қараны сатып алу үшін 15 млрд теңге бөлінді

