Облыста күзгі дала жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда өңірде 1 млн 100 мың гектардағы дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдар жиналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Диқандар бір минутты да босқа кетірмей аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда өңірде 1 млн 100 мың гектардағы дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдар жиналған. Орташа шығымдылық 14 центнерді құрайды.

Бастырылған астық көлемі 1 млн 500 мың тоннадан асып жығылады. Аймақта орақ науқанын ойдағыдай өткізу үшін 6 мың 600 комбайн, 10 мыңнан астам трактор және 5 мың 500 жүк көлігі тартылыпты.

«Облыста 44 астық қабылдау орны бар. Олардың орташа сыйымдылығы 7 млн тоннаға жуықтайды», — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Тағы оқыңыз: Теріскейлік желаяқ халықаралық додада сәтті өнер көрсетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *