Су тасқыны орын алған Солтүстік Қазақстан облысына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Ол судан қатты зардап шеккен Қызылжар ауданы мен Петропавлқаласындағы медициналық мекемелерді, эвакуациялық пунктерді аралады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласындағы 2 орта мектепте су басқан Заречный кентінің тұрғындары орналастырылған. Мұнда 37 адам жатыр. Олар тәулік бойы психолог мамандардың, дәрігерлердің бақылауында. Тұрғындар Тимур Сұлтанғазиевке қиын жағдайда медицина мамандарының күні-түні қастарында болғандарын айтып, алғыстарын жеткізді.

Ал облыстық перинаталдық орталыққа алыс аудандардан және су басу қаупі бар ауылдардан жүкті келіншектер алдын ала жеткізілген. Олар мұнда толық медициналық көмек алуда. Сонымен қатар Тимур Сұлтанғазиев бірінші қалалық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімнің жұмысымен де танысты. Инфекциялық аурулардың өршуі тіркелмеген. Облыс бойынша барлығы жеті инфекциялық станционар бар, онда 187 төсекорын ұйымдастырылған.

Су тасқыны кезеңінде және жұқпалы аурулардың өршуі тіркелген жағдайда қосымша балаларға арналған 45 орын, ересектер үшін 135 төсекорын ашуға мүмкіндік бар. Жансақтау бөлімінде де жатын орындар жеткілікті. Дәрі-дәрмекпен де қамтылған.

«Инфекциялық аурулар өршіп, эпидемиологиялықжағдай ушыққан жағдайда бірінші қалалық аурухана жанынан қосымша 120 төсекорын ашу керек. Осындай қиын кезде тұрғындарға сапалы әрі жылдам көмек көрсету қажет. Оған қоса, дәрі тапшылығын болдырмау тиіспіз. Олардың бағасын өсірмеуді бақылауда ұстау керек»,деді Тимур Сұлтанғазиев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дронның көмегімен 15 адам құтқарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x