Петропавлда дронның көмегімен 15 адам құтқарылды

Петропавлда ТЖД мен полиция қызметкерлері дронның көмегімен 15 адамды құтқарды. Тұрғындар су басқан үйлерден шыға алмай қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да тасқын су басталғалы екі мыңнан астам үй су астында қалды. Олардың көбі Петропавл қаласында орналасқан. Төтенше жағдайға байланысты Петропавл ауыр машина жасау зауыты әртүрлі модельдегі төрт дронды қолданысқа берген болатын. Соның көмегімен қазір облыс орталығындағы жағдай аэровизуалды түрде бақыланып жатыр.

«Біз суға кеткен жерлерді дронмен видеоға түсіреміз. Кейін сол видео арқылы барлық керек мәліметті ала аламыз. Сонымен қатар бұл дрон бес келі жүк көтере алады. Түн батқанда қараңғыда айналаны жақсы көрсетеді. Осы дронның көмегімен жануарларды да эвакуациялап жатырмыз», – деді «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ маманы Антон Полуян.

Тағы оқыңыз:Петропавлда жалған ақпарат таратқандар жазаланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x