Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.Енді жанжалқойларға ішуге тыйым салынып, тұрғын үйден шығарылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл туралы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Руслан Қаржаспеков айтты.

«Отбасында тәртіп бұзғандар үшін мынадай заңнамалық өзгерістер ұсынылады. Оларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өту, агрессорды тұрғын үйден шығарып жіберу, сондай – ақ ішімдік ішуге тыйым салу», – деді Руслан Қаржаспеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда тұрмыстық қылмыстар 2,5% яғни, 668-ден 651 оқиғаға дейін азайған. Кісі өлтіру 4%, ауыр қылмыстар саны 10% төмендеген. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қазақстанда отбасылық жанжалқойларға қатысты заңдардың жаңа нормалары қолданыла бастағанын айтты.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x