Облыс әкімі: солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «YDA Group» түркиялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Біраз уақыттан бері құрылысы бәсеңдеп қалған аурухананы салу жұмыстары қайта жанданбақ. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы «YDA Group» түркиялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп көпсалалы аурухана құрылысын жеделтету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

«Біздің облыс үшін бұл маңызды жоба. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Өңір диқандары 3,7 миллион тонна бидай жинады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x