Өңір диқандары 3,7 миллион тонна бидай жинады

Өңір диқандары дәнді дақылдарды жинап алды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, фермерлер 3,7 млн. тонна астықты қамбаға құйды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Хабар телеарнасына сілтеме жасап

Биыл егін орағының нағыз қызған шағында жаңбыр құйып, дала жұмыстары тоқтап қалды. Ауа – райының қолайсыздығы өнімнің шығымдылығы мен сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан Президенттің тапсырмасымен ылғалды бидайды кептіруге қосымша 20 мың тонна дизель отыны бөлінді. Өңірде жаңа жиналған астықты 50- ге жуық элеватор қабылдады.

«Қазір мынау элеваторларға 980 мың тонна астық енгізілді. Соның ішінде 3 класс 55 пайыз. Неклассқа бар – 14 пайыз. Қазіргі уақытта майлы дақылдар жиналып жатыр. Оның көлемі 685. Осы күнге 470 мың гектары жиналды.»,-деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x