Ресей азаматына қос азаматтығы үшін 690 мың теңге айыппұл салынды

Қос азаматтығы бар 72 жастағы ер адам Кисловодск – Тында бағытындағы жолаушылар пойызын  тексеру барысында анықталды. Ол ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу  талабын бұзған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Пойыздарды тексеріп жүрген Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе аталмыш қарияға қатысты әкімшілік хаттама толтырады. Кейін материал Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сот шешімімен ер адамға 200 АЕК (690 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1307 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша 275 шетелдік елден шығарылды. Қос азаматтығы бар 159 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық кәсіпкер өзі оқыған мектептің үздік оқушыларына 20 мың теңге шәкіртақы төлейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x