Өңірге «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы 15 мыңнан астам адам келген

Жалпы «Еңбек» бағдарламасы бойынша халқы тығыз орналасқан аймақтардан солтүстік өңірге 15 мыңнан астам адам, яғни 4435 отбасы қоныс аударған.Олардың ішінде тек 30% ғана жоғары білімді азаматтар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.Облысқа қоныс аударған 490 отбасыға 270 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар мен несиелер берілген. Алайда, бұл мемлекеттік көмекке қарамастан солтүстік өңірден кетіп қалып жатқандар да аз емес екен. Жалпы, облысқа қоныс аударғандардың 30% – ы жоғары білімді,ал 38%-ы арнаулы орта, 32% – ы орта білімі бар азаматар екен. Олардың 5054 – і яғни, 81% – ы жұмысқа орналастырылған. 4165 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылса, 289 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

«Бау-бақша, ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін адамдарға ауыл шаруашлығығы дақылдарын өсіру үшін жер участкелері беріледі. 5 жыл ішінде әкімдіктен 8мың гектардан астам жер берілді. Барлық келген азаматтарға көшу субсидиясын төлеу, тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Барлығы 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия төленді.,-деді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов

Осы жылдан бастап солтүстікке қоныс аударған азаматтарға 4 млн теңге көлемінде «экономикалық ұтқырлық» сертификаттары беріледі. Қазіргі уақытта 130 адам алып үлгерген.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x