СҚО-да жаңа судьялар тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында пленарлық отырыс өтті. Оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Ибраев Алмаз Серікұлы тағайындалды.

Ол 1977 жылы 2 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауылында дүниеге келген. Әр жылдары Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының, Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының судьясы, Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының төрағасы, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық сотының судьясы болып жұмыс істеді. ҚР Судьялар одағының «Үш Би» құрмет белгісімен марапатталған.

Еркебаев Әбдікаххар Тілеуқұлұлы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Ол осыған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болды.

Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы қызметіне Қайратұлы Дәурен тағайындалды.

Шал ақын ауданы сотының төрағасы лауазымына Татьяна Борисовна Курынова тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Дастан Нұртайұлы Исмаилов тағайындалды. Бұған дейін ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болды.

Тағы оқыңыз: 2024 жылы қандай түс пен киім трендте болмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x