«Солтүстік» ӘКК бес сүт фермасының құрылысын қаржыландырады

«Солтүстік» ӘКК АҚ Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы бес тауарлы сүт фермасының құрылысын салуға несие бермек. Қарыз 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% – бен беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Жеңілдетілген несиені Есіл ауданындағы «Атамекен-Агро Корнеевка» ЖШС, «Азия Тарангул» ЖШС, Аққайың ауданындағы «Гердт» ШҚ және Ғ. Мүсірепов ауданындаағы «Нежинка Ерке» ЖШС алды.  Сонымен қатар, Тайынша ауданындағы «Зеленые луга» ЖШС де бар.

Агроқұрылымдар тиісінше 1300, 800, 400 және 600 басқа арналған тауарлы сүт фермаларын салады. Осының арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ферманың қуаттылығына байланысты қарыз соммасы әр түрлі. Бірақ, несие беру шарттары бірдей. Қарыз 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% – бен беріледі. Жеңілдік кезеңі қаржыландыру сәтінен бастап екі жылға дейін», – деп хабарлайды «Солтүстік» ӘКК АҚ баспасөз қызметі.

Бүгінде құны 1,5 млрд теңге болатын «Атамекен-Агро Корнеевка» ЖШС және құны 1 млрд теңге болатын «Азия Тарангул» ЖШС фермасын салу жобасына ақша берілді. 

Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермаларын салуға барлығы 17 млрд теңге бөлінді. Жалпы 18 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа судьялар тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x