Қоян жылын шығарып салып, ұлу жылына аяқбасқалы отырмызШығыс күнтізбесі бойынша ол – Айдаһар жылы. Сонымен, жаңа жылды қалай қарсы алу керек? Нумерологтар не дейді? Қандай түс пен киімдер трендте болады? Осының барлығын мамандармен тілдескен Qazaqstan media тілшісі анықтады.
2024 жылы жасыл түс сәнге енбек. Сонымен бірге алтын, күміс, ақ, қызыл түстер адамға жайлы болады. Ал көк түс керісінше сәтсіздіктерге әкелуі мүмкін. Сондықтан стилист мамандар мерекелік кешке түрлі түсті тастары бар, жылтыр көйлек киюге кеңес береді. Себебі, дәл осы жылтыр түсті киімдер биылғы жылдың сәні екен.

2024 жылы қандай түс пен киім трендте болмақ

«Жаңа жыл ғажайыпқа толы мереке. Бұл мерекеде шыршаны түрлі түсті ойыншықтармен жарқыратып безендіреміз. Сол сияқты жаңа жылдық кешке де нәзік жандылар жылтыр түсті ұзын не қысқа көйлек кигені абзал. Ал егер классикаға жақын жандар болсашалбар мен жылтыр түсті жарқыраған пиджак кигенідұрыс», – дейді петропавлдық стилист Мария Горда.

Маманның сөзінше, 2024 жылы жасыл түс сәнде болады.

2024 жылы қандай түс пен киім трендте болмақ

«Изумрудты жасыл түс келер жылдың басты түстерінің бірі болады. Әрине, тек жасыл емес қызыл, қара, алтын түстер де сәннен қалмайды. Алайда,біздің ата-әжелеріміз жаңа жылда қара түс кию жаманшылықтың белгісі деп айтатын. Бірақ мен қара түсті киім кисеңіз оны түрлі әшекеймен үйлестіріңіз дер едім», – дейді стилист.

Сондай ақ келер жылы биыл трендте болған маталардан тігілген киімдерден құтылуға асықпаңыз. Себебі, 2024 жылы олар да сұранысқа ие болмақ. Мамандар шаш қию мен макияж жасаудағы ерекшеліктерге де тоқталды.

2024 жылы қандай түс пен киім трендте болмақ

«Қарапайымдылық пен әсемділік. 2024 жылғы шаш үлгісіндегі сәнді тенденция болмақ. Оған өрілген, түйілген, және жинақы шаш үлгісі жатады. Айта кетейік, бұл қарапайым шаш жинау үлгілері үнемі сәнді болып қала бермек», – дейді Мария Абраменко.

Нумерологиядағы әрбір санның өзіндік мәні және өз энергиясы бар. Келесі жылдың сандарын бір-біріне қоссақ 8 шығады. Ал бұл сан нумерология бойынша жетістік пен молшылықтың символы. Және жаһандықөзгерістер жылы болмақ. Қаржылық жағынан да, жұмыста да және жалпы өмірде алға жылжу уақыты дейді мамандар.

«Бұл тепе-теңдік жылы. Және 2024 жылы 365 күн емес, 366 күн болады. Өткен жылда істеген барлықжаман жақсы істеріңіз өзіңізге әсер етеді. Бұлжаһандық деңгейде әр адам үшін жеке-жеке көрінісбереді. Біз адамдарға көмектесуді және жақсылықжасауды ұмытпауымыз керек. Сондықтанайналаңызға кешірімді болып жүріңіз дегім келеді»,дейді нумеролог Әсемгүл Көкпенова.

Жаңа жыл көптеген мүмкіндікке толы болмақ. Бірақ, әркім өз тағдырының иесі екенін ұмытпаған жөн, сондықтан өмірді жақсарту және алға қойғанмақсаттарға қол жеткізу үшін әрекет ету қажет.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x