Су тасқыны: Салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» интернет-порталында тасқыннан зардап шеккен адамдардың салық төлемдерін реттейтін бұйрық жобасын жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оған сәйкес, 1 наурыз бен 1 шілде аралығында орындалмаған салық міндеттемелеріне өсімпұл есептелмейді. 

Сондай-ақ төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;

2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;

мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылады;

орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. 

Құжат жобасы 29 сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Бұйрық қабылданса, ол 2024 жылдың 1 наурызынан бастап болған су тасқыны жағдайларына қатысты болады.

Тағы оқыңыз: Омбылықтар СҚО-ға гуманитарлық көмек жеткізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x