Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық Genesis Digital Assets компаниясы су тасқынынан зардап шеккен солтсүстікқазақстандықтарға 100 млн теңгенің көмегін көрсетті. Олар арнайы Алматы қаласынан тұрмысқа қажетті заттарды ала келді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бірнеше жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көлік жолда үш күн жүріп, 15ші сәуірде Петропавлға жетті. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қажет екенін әлеуметтік желілер арқылы білген компания өкілдері бірден қол ұшын созуға бел буады.

«Біз 70 тонна жүк әкелдік.Оның ішінде су, тазалық,тұрмыстық қажетті заттар. Ұзақ сақталатын азық-түлік, киімдер де бар. Барлығын Алматы қаласынан арнайы сатып алдық. Үш күн жүріп, Петропавлға жеттік. Халқымызды қиын жағдайда қалдырмай, бірге болайық деп шештік»,-дейді Халықаралық GDA компаниясының өкілі.


Облыстық әкімдәк мамандары ірі холлдингтің көмегі судан зардап шеккен 6000 мың адамның бір айлық қажеттілін жабады, деп отыр.


Жалпы, GDA корпорациясы осыған дейін коронавирус кезінде де қайырымдылықтар жасап, халықтың жанынан табыла білді. GDA корпорациясы цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтарын салу, басқару және пайдалану саласында, сондай-ақ цифрлық майнинг және цифрлық активтер саласында маманданған, жалпы қуаты 500 МВт-тан астам АҚШ, Швеция және Қазақстан аумағында 19 деректер өңдеу орталықтарын басқарады.
Су тасқынына келер болсақ, қазіргі таңда жағдай аса қиын. Ел бойынша 60 елдімекен су құрсауында қалды. 96 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. 17 өңірдің 10да төтенше жағдай режимі енгізілді.
СҚО-да тасыған Есіл өзені Петропавл қаласына жетіп, қаланың шеткі аудандарын су басты. Бұл соңғы 80 жылдағы үлкен су тасқыны ретінде тіркелді.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны: Салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x