16 маусымда облыс прокуратурасының қызметкерлері кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясыН өткізді. Акцияның басты мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәселелерін шешу, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Акцияның басты мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәселелерін шешу. Сонымен қатар, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру. Жеке консультациялар форматында азаматтар прокурорлардан өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алды, ал жекелеген мәселелер кейіннен шешілуі үшін бақылауға алынды.

Жыл басынан бері өткізілген апталық акциялардың қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының бақылауына тұрғындардың 20-дан астам мәселесі алынып, кейіннен олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар 20-дан астам мәселе «орнында қарау» қағидаты бойынша, яғни акция барысында жедел түрде шешімін тапты. Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бақылауында Петропавл қаласы тұрғындарының төрт мәселесі бар.

«Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 22 акция өткізіп, онда 1400-ден астам азамат қабылданған. Бұл жүйелі жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады», — деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да педагогтер арасында «Мағжан оқулары» облыстық байқауы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *