12 және 13 мамыр күндері облыста «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі. Оның барысында 90 күннен астам қарызы бар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
⠀
СҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында аймақтық координаторының азаматтарды жеке қабылдау өтеді. Шара 12-13 мамыр күндері ұйымдастырылады. Басталуы — 11:00. Айта кету керек, «Қарызсыз қоғам» жобасы 90 күннен астам қарызы бар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Қабылдау барысында келесі мәселелер бойынша кеңес алуға болады: тыйым салуды алу, кредит бойынша берешекті қайта құрылымдау, соттан тыс және сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және алаяқтық фактісі бойынша кеңес.
⠀
Заңгерлік тегін кеңес Петропавл қаласындағы «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өтеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жол сапасын бақылау мен цифрландыру мәселелері талқыланды

