Петропавлда «Күміс волонтер-2026» облыстық байқауы өтті. Сайысқа жасы үлкен, өмірлік тәжірибесі мол, қоғамдық шараларға белсенді атсалысатын зейнеткерлер қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға сегіз зейнеткер қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар өзінің өмірлік жолы, волонтерлікпен айналысу себебі мен ерікті ретінде атқарған жұмыстары жайлы баяндап береді. Ал екіншісінде белсенді ата-әжелер өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

«Шараның мақсаты — күміс волонтерлікті насихаттау. Яғни, белсенді өмір сүруге жастың кедергі еместігін көрсету, ата-әжелерімізді қолдау. Қуанышымызға орай, біздің қатарымызда жомарт, қоғамға жақын егде жастаға адамдар жетерлік. Солармен мақтана аламыз. Егер арамызда мейірімді, талантты тұрғындар көп болса, өмір де нұрлана түседі деген ойдамын», — «Штаб JE SKO» ҚБ төрағасы Даяна Баймұқанова.

Шара қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданынан келген зейнеткер Лидия Бенц жеңімпаз атанды. Оған 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-ardager-ustazdar-koeshet-otyrghyzdy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *