СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысқан тұрғынға сот үкімі шықты. Ол тұрғындарға үш миллион теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алаяқтар Петропавл тұрғынына банк қызметкері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатына бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан. Олар ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және оны өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген. Осыдан кейін қылмыстық схемаға қатысушылардың бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 млн 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған.

Ол атқарған «қызметі» үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. Алайда бұл әрекеттері көмектеспеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны.

«Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға әдейі айналдырғанын анықтады. Тиісінше,
оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысы бар мегаферма іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *