Шілдеден бастап Петропавлда аутистік спектр бұзылысы бар балаларға арналған «LIFE CRAFTING» жобасы іске қосылды. Оның аясында ерекше балаларға арналған тегін үйірмелер жұмыс істеп бастады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асуда. Мұнда ерекше балаларға Татьяна Ковалева қызмет көрсетеді.

«Орталықтағы сабақтар толықтай тегін болғанмен, сапаны сақтау үшін бір топтағы балалар саны алтаудан аспайды. Осыған орай ата-аналар үшін арнайы алдын ала жазылу жүйесі ұсынылған. Сабақтардың жиілігі үйірмеге қатысушылардың жалпы саны мен сұранысқа тікелей байланысты өзгереді», — деді «Менің балам» ҚБ басшысы Татьяна Ковалева.

Орталықта балалар шығармашылықпен айналысады, спорттық қабілетін дамытады. Сондай-ақ, кесте тігу, гипстен түрлі заттар жасау және арт-терапия сабақтары бар. Музыкаға қызығатын балалар пианинода және барабанда ойнауды үйренеді. Орталыққа баратын балалардың ең кішісі — 5 жаста, ал үлкені — 18-де.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы күндер жаңбырлы болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *