СҚО-да алты мыңнан астам қызметкер жұмыс орнында заңды түрде тіркелмей еңбек еткен. Бұл олқылықты прокуратура өкілдері анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Прокуратураның мәліметінше, облыстағы 1837 кәсіпорын еңбек шарттарын бірыңғай жүйеге енгізбей, 6517 жұмысшыны «көрінбейтін қызметкерге» айналдырған. Олар жұмыс істеп, жалақы алып жүргенімен, олардың еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделмеген. Бұл жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауды қиындатып, әлеуметтік кепілдіктерден айырылу қаупін күшейтеді.

«12 наурыздан бастап еңбек шарттары туралы мәліметтерді жүйеге енгізбеген жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл көлемі 259 мың теңгеден 648 мың теңгеге дейін. Еңбек инспекциясынан тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз», — деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғындары өздерін бір сәт мемлекеттік қызметші сезінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *