Петропавлда «Мамандықта өзіңді сынап көр» кәсіптік бағдар беру акциясы өтті. Шара мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media
Оның аясында еріктілер тұрғындарға арнап ерекше интерактивті тапсырмалар дайындапты. Шараға қатысқан жандар өздерін бір сәт мемлекеттік қызметші сезінді. Тұрғындар азаматтарды қабылдау, бюджетті дұрыс бөлу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сияқты тапсырмаларды орындады.

«Іс-шараның басты мақсаты — жастарға мемлекеттік қызметтің маңызын түсіндіру. Мемлекеттік қызметші — халықпен тікелей жұмыс істейтін, қоғамға қызмет ететін маман. Сондықтан бұл салада адалдық, әділдік, кәсібилік аса қажет», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Бибігүл Сұлтанова.
Шараның нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік қызметтің қарапайым жұмыс қана емес, қоғам алдындағы зор жауапкершілік екенін түсінді. Акцияға 30-дан астам адам қатысты. Тапсырмаларды дұрыс орындағандарға тәтті сыйлықтар табысталды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы күндері жаңбыр жауады

