Қазақстанның солтүстік өңірлерін бірнеше күн бойы шарпыған аптап ыстықтан кейін тұрғындарды аздап болса да салқын ауа райы мен жаңбыр күтіп тұр. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің аумағына циклон ығысып келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Циклонның әсерінен көптеген солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, сондай-ақ шаңды дауылдар болуы мүмкін. Циклон өткеннен кейін солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы төмендеп, күндіз көрсеткіштер +23 пен +28 градус аралығында болады.
«Бұл тұрғындарға аптап ыстықтар кейін жайлы ауа райын сезінуге мүмкіндік береді. Бірақ ыстық ауа райы әлі де болуы ықтимал. Тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, көбірек су ішуді сұраймыз», — деді «Қазгидромет» РМК.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бір жылдың ішінде 12 ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

