Екі жылдың ішінде ел бойынша 200 жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Оның 12-сі біздің облыста қолданысқа берілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың бастамасымен ауылдық жерлердегі азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған

Қазіргі таңда Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба ауылдық жерлердегі азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру аясында еліміздің барлық 17 өңірінде 200 жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл маңызды жетістік ауылдық аумақтардың өртке қарсы қорғаныс жүйесін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Бұған дейін еліміздің ауылдық елдімекендерінде кәсіби өрт сөндіру бөлімшелері болмаған. Тұрғындар көмекті аудан орталығынан күтті. Бұл ұзақ уақыт алатын. Бұл бағытта облыста да ауқымды жұмыс атқарылған.

«Бір жылдың ішінде облыста ерікті 12 өрт сөндіру бекеті ашылды. Сонымен қатар, 19 өрт сөндіру нысаны күрделі жөндеу көрді, 80-ге жуық ерікті арнайы оқытылды», — деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *