Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде жазба жариялайтын азаматтарға маңызды ескерту жасады. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта интернетте адамдар арасында араздық тудыруы мүмкін арандатушылық жазбалар мен пікірлер көбейген. Сондықтан прокуратура мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң жазаланатынын еске салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Егер әлеуметтік желіде ұлтаралық, діни немесе басқа да алауыздықты қоздыратын ақпарат жарияланса, оның авторы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Сонымен қатар прокуратура жалған ақпарат таратуға да болмайтынын ескертті. Тексерілмеген мәліметтерді жариялаған немесе бөліскен азаматтар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бас прокуратура тұрғындарды әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мұқият қарап, күмәнді және арандатушылық жазбаларды таратпауға шақырды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі де соңғы уақытта «Della» және «Fa-Fa.kz» платформалары арқылы жүк тасымалдау кезінде алаяқтық фактілері көбейгенін хабарлады. Осыған байланысты азаматтарға интернет арқылы қызмет алғанда сақ болу ұсынылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алты мыңнан астам «көлеңкедегі» жұмысшы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *