Талдықорғанда ересектер арасында көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста солтүстікқазақстандық құрама өнер көрсетуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстікқазақстандық команданың құрамында 12 спортшы бар. Барлығы — «Арғымақ» ұлттық спорт клубының мүшесі. Жерлестеріміз уақыт аз болғанына қарамастан оқу-жаттығу жиынын өткізген.
Жерлестеріміз дүбірлі додада екі кездесу өткізіп үлгерді. Алғашқы тартыста теріскейліктер Алматы қаласының көкпаршыларынын басым түсті. Есеп — 6-1. Екінші кездесуде жарыстың басты фавориттерінің бірі Жамбыл облысының мықтыларына 11 де 1 есебімен жеңілді.
Төртінші мамыр күні жерлестеріміз Атырау облысының құрамасымен сынға түседі. Команда сайысқа дайын, аттар бабында.
Тағы оқыңыз: Мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді

