Солтүстікқазақстанық оқушы Презиенттік шыршаға 100 раушан гүлінен көйлек тіккен

Елордада Президент атынан өткен республикалық шыршаға барлық өңірлерден 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында екі солтүстікқазақстандық оқушы да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы атынан шырша салтанатына 10 жастағы Малика Мұхамеджанова барды. Ол Аққайың ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы. Ол мерекелік шараға деп өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тіккен.

«Бүгін бәрі ертегідей. Мені бұл көрініс аса таң қалдырды. Барлығы сондай сәнді, мен де бүгінгі салтанатқа орай өзіме әдемі көйлек тіктім. Мереке үшін рахмет», – дейді Малика.

Тағы бір жерлес оқушы Сәния Ақпанова қазақ мифтеріндегі құстың костюмін киіп, барлық келушілерді таң қалдырды.

«Мен Сергеевка қаласындағы 2-ші гимназияның 6-шы сыныбында оқимын. Оқу үздігімін. Пікірталасқа, шахматқа, биге барамын, әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысамын. Бүгін мен «Самұрық» бақыттың отты құсы костюміндемін. Бұл идеяны мектептің мұғалімі ойлап тапты. Шыршада маған аниматорлар мен балалар ұжымдарының қойылымдары өте ұнады», – деп бөлісті өз әсерімен Сәния.

Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат табыс етілді.

«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», – делінген хатта.

Оқушылар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында барлық қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әскери оркестр сауда үйлерінде концерт қойды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x