Петропавлда әскери оркестр сауда үйлерінде концерт қойды

Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық гвардияның әскери оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарына тосын сый жасады. Олар сауда үйлерінде концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Dostyq mall» сауда орталығында ерекше мерекелік атмосфера орнаған. Жаңа жыл қарсаңында қарбаласқан халықтың көңіл-күйін әскери оркестрдің әсем әуені көтерді.
Ұлттық гвардияның өнерпаздары дәстүрлі түрде жаңа жыл қарсаңында өздерінің концерттік номерлерімен қала тұрғындары мен қонақтарын қуантады. Биыл да үрдістен жаңылмады.

«Гвардияның оркестрі жыл сайын осындай акцияларды ұйымдастырып тұрады. Бұл біздің жерлестерімізге деген жаңа жылдық сыйлығымыз. Мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді»,-дейді ҚР ҰҰ академиясының баспасөз қызметі.

Әскерилердің өнерін қала тұрғындары жоғары бағалады. Олар жұмыс аптасының соңында, мереке қарсаңында тамаша сый болды дейді.

«Жұмыстан кейін, сауда үйіне келген едім. Жаңа жылға дайындықты бастайын деп. Әскерилердің концертін тамашалап, көңілім көтерілді. Жігіттер жарады, нағыз мереке сыйлады. Жаңа жыл бәрімізге құтты болсын»,-дейді қала тұрғыны Айнаш Әлмұрза.

Әскери оркестр «Рахмет» сауда үйінде де осындай конерт қойып, өз өнерлерін көрсетті.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Сурдлимпиаданың жеңімпазына пәтер кілтін табыс етті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x