Бүгінгі күні солтүстікқазақстандықтардың 84%-ы үшін таза ауыз су қолжетімді. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсарту қажет. Осы орайда биыл бұл бағытқа 16 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл жоспар бойынша 250 шақырым су желісін қайта жаңғырту көзделген. Жоспарланып отырған жұмыс 35 елді мекенде жүргізіледі.

«Бұл ауылдарда 22,8 мың адам тұрады. Нәтижесінде мыңға жуық үйге тіршілік көзі тартылады»,- деді облыстық әкімдікте өткен жиында СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Павел Шилов.

Облыс әкімі өз кезегінде жұмыстар уақытылы іске асырылуы тиіс екенін атап өтті.

«Бөлінген қаражаттың уақытылы игерілуін барлық ауданда қадағалауды тапсырамын. Жобалардың жоспарға сәйкес іске асырылуына жағдай жасау керек. Іске салғырт қараған мердігерлермен келісімшартың күшін жою қажет. Қала әкіміне су тарату желілерін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжатты уақытылы дайындауды тапсырамын»,-деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Жалпы жыл соңына дейін өңір халқының 87,9%-ын таза ауыз сумен қамту көзделген.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x