«Қызылжар» футбол клубының Қазақстан премьер лигасындағы қазіргі жағдайы мәз емес. Команда 27 ұпаймен турнирлік кестеде 12-ші орында тұр. Төменгі лигаға түсетін құрамадан үш ұпай ғана көп жинаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Демалыс күндері Қазақстан премьер лигасының 28 тур ойындары өтті. Оның аясында жергілікті «Қызылжар» футбол клубы сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті. Яғни, солтүстік дербиі, аса маңызға ие матч.

Ойын жоғары деңгейді өтті. Статистика бойынша қырандар қарсыластан басым болды. Бірақ, футболда тек қана статистика рөл ойнамайды. Теріскейліктер қаншама мүмкіндікті мүлт жіберді. Есеп — бір де нөл. Қарсылас басым болды. Петропавлда өткен матч да «Оқжетпестен» ұтылдық.

Турнирлік кестеге көшейік, «Қызылжар» ФК 27 ұпаймен 12-ші орында тұр. 28 ойында жеті рет қана жеңіп, 15 мәрте қапсыластарына есе жіберген. Алты тең ойыны бар.

Айта кету керек, қырандар соңғы орында тұрған командадан үш ұпай ғана көп жинаған. Алда екі тур бар. Не болары белгісіз. Жаңа инвестор келді, команда жекенің қолына өтті. Өзгерістер орын алды. Бірақ, нәтиже өзгермеді. Бұған кім кінәлі? Теріскейлік теңбіл доп шеберлері алдағы екі ойында да жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантады деп сенеміз.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық конькимен жүгірушілер ел чемпионатында алты алтын еншіледі

Поделиться:

Shares