Солтүстік Қазақстан облысында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау науқаны толық аяқталды. Жалпы екі миллион 871,7 мың гектар алқаптан төрт миллион 881,2 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 17 центнерді құрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазірдің өзінде 487 мың тонна тұқым дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 107,1 пайызына тең. Өңірдің астық қабылдау кәсіпорындарына бір миллион 547,6 мың тонна астық жеткізілді. Оның 943,2 мың тоннасы – бидай.

«Қабылданған бидайдың басым бөлігі үшінші және төртінші сұрыптарға жатады. Ал майлы дақылдарды жинау науқаны мәресіне жақын», — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Мал азығын дайындау жұмыстары да жоспардан асыра орындалды. Атап айтқанда, бір миллион 93,3 мың тонна шөп, 418,9 мың тонна пішендеме, 503,9 мың тонна сүрлем және 955,2 мың тонна сабан жиналды. Сонымен қатар 893,2 мың тонна жемдік астық дайындалды.

Тағы оқыңыз: ҚПЛ-дағы сәтсіздік! «Қызылжар» ФК төменгі лигаға түсуі мүмкін

Поделиться:

Shares