Биыл жолдарды ретке келтіруге қомақты қаржы бөлінген. Нәтижесінде 650 шақырым жолдың сапасы жақсарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2025 жылға дейін облыс жолдарының 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу қажет. Өткен жылы бұл көрсеткіш 78% -ды құрады.

«Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлініп жатыр. Ең алдымен негізгі басым жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Орындалатын жұмыстың сапасына және уақытына ерекше назар аударып, қатаң қадағалауымыз керек. Өйткені, тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту басты назарда. Сол себепті жолдарды жөндеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауымыз қажет»,- деді облыстық әкімдікте өткен жиын барысында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров.

Биыл бұл бағытқа 38 млрд теңге қаржы бөлініп, ауқымды жұмыс атқарылмақ. Сөйтіп, 650 шақырым жол жөндеу көрмек.

«Жөндеу жұмысы жүргізілетін жолдардың 110 шақырымы- республикалық, 480 шақырымы – облыстық және аудандық маңызға ие трассалар. Сондай-ақ, ауылішілік 60 шақырым жол да жаңартылмақ. Петропавл қаласының жолдарын жөндеуге 5 млрд теңге қарастырылған. Жөндеу жұмыстарына 42 мердігер компания қатыспақ. Жыл басынан оларға битум және инертті материал алу үшін 2 млрд теңге көлемінде қаражат берілді»,-деді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.

Биыл жөндеу жұмысына битумның 32 мың тоннасы қажет екен. Әзірге, 13,3 мың тоннасы жеткізіліпті. Сәуір айында тағы 4,2 мың тонна материал әкелінеді деп жоспарланып отыр.

«Қаржы бөлінді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Битум алуға келісімшарт жасалды. Оны қалай және кімнің әкеліп жатқандығы да бақылауда. Біздің тарапымыздан қолдау бар. Сондықтан сұраныс та қатаң болады», – деді Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаров жұмыстың сапасына да назар аудару қажеттігін айтты. Яғни, бөлінген қаражат толықтай игеріліп, конкурстар уақытында өткізілуі керек.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x