Солтүстікқазақстандықтар дәрігердің қабылдауында болғанын QR-код арқылы растай алады

Солтүстік Қазақстан облысында емханаларда QR-код жобасы іске қосылды. Пилоттық жоба әзірге 10 емдеу мекемесінде жүзеге асырылуда. Бұл кодтар арқылы азаматтар дәрігердің қабылдауында болғанын растай алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

QR-код пилоттық жобасы солтүстік өңірден басқа қазір Астана, Алматы қаласының кейбір емханаларында Жұмыс істеп тұр. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, емделуші eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді. Қосымша науқастың емді бастаған уақытын, медициналық ұйымның атауын, дәрігердің аты-жөнін және емді аяқтаған уақытты көрсетеді.

«Емханалар мен клиникалардағы дәрігерлердің жұмыс орнында QR коды болады. Науқас eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді, содан кейін қосымша науқас туралы ақпаратты: емді бастаған, аяқтағанын, қай медициналық ұйымға келгені және дәрігердің аты-жөнін көрсетеді. Осылайша, ол қабылдауда болғанын растай немесе жоққа шығара алады», – деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның полицейлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x