Қазақстандықтар қайтдан маска киетін болды

Қазақстанда маска кию режимі қайта оралды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құжатқа сәйкес, халық көп жиналатын жерлерде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маска киген жөн.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары,  медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз ету тиіс», – делінген министрліктің қаулысында.

Бұл шара елде қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Тағы оқыңыздар: СҚО-да мас көлік жуушы клиенттің машинасын айдап кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x